Жоспар талқыланып, меже нақтыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Жоспар талқыланып, меже нақтыланды

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағаларының қатысуымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер» тақырыбында жылдың қорытынды жиыны өтті.

Қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова модераторлық еткен отырыста қала аумағында этносаралық ахуалды жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар сараланып, келер жылы қалалық ҚХА тарапынан жоспарланған негізгі басымдықтар мен міндеттер сөз болды.

– Биыл қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы алаңында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеуді көздеген 180-нен астам қоғамдық-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралардың басым бөлігі этномәдени бірлестіктер мен қалалық ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың әлеуетін тиімді пайдаланудың арқасында өтті.

Осындай игі істерге қолдау көрсетіп, татулықты ту еткен жобалар мен бастамаларға атсалысқандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді басқарма басшысы.

Жиында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев, қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова, қалалық корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Пан, қалалық грек этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Папуциди, қалалық күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы Исмат Сулейменов, қалалық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили қалалық ассамблея қызметі мен келер жылы аталып өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына межеленген жоспарлар туралы ой-пікірлерін жеткізіп, әрбір бастамаға белсенді атсалысатынын айтты.

Жиын соңында басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова қала аумағында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдеріне, қалалық ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымыдардың мүшелеріне және «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділеріне қала әкімінің Алғыс хатын табыстады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...