Ордабасы ауданында 140-қа жуық отбасы баспанамен қамтылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы ауданында 140-қа жуық отбасы баспанамен қамтылады

Бүгін Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Шара аясында журналистер алдымен Темірлан ауылында ашылған 250 орындық спорттық сауықтыру кешенін аралады.

Аталған орталықта қазақ және грек-рим күресі, самбо, дзюдо және бокспен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол секілді командалық спорт түрлері де бар. Аталған спорт кешенінде «Темірлан» спорт клубы мекемесі орналасқан.

БАҚ өкілдері кейін Темірлан ауылында жеке инвесторлардың есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлерге барды. Темірлан ауылында тұрғындарды тұрғын үймен қамту мақсатында бір қабатты 26 және үш қабатты 3 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде үйлерге терезе салу, гранит төсеу және қабырғасын бояу жұмыстары атқарылып жатыр. Қазіргі таңда бір қабатты 40 пәтердің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Алдағы уақытта үй кезегінде тұрған аз қамтылған отбасылық санаттар бойынша 136 пәтер табысталады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...