Қаланың дамуы күн тәртібіндегі мәселе — Xnews — ақпарат агенттігі

Қаланың дамуы күн тәртібіндегі мәселе

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жедел әрі сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейі артып отыр. Қалада жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақыны көбейту, баспана салу, жол жөндеу, жарықтандыру сияқты маңызды мәселелер күн тәртібінен түскен емес. 

Осылайша ауқымды жобалар жоспарлы түрде жүзеге асып жатса, кезек күттірмейтін кей мәселелер көшпелі кездесулерде-ақ шешімін табуда. Биылғы жылы қала экономикасының өсімі 12 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда (5 орын).

Оның ішінде, тартылған инвестиция 9 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 27 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 42 пайызға, сауда көлемі 19 пайызға, көлік қызметі 26 пайызға, өнеркәсіптегі өнім көлемі 2 пайызға артты.

Мемлекет басшысы елімізде өңдеу өнеркәсібін 1,5 есеге ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыруды тапсырған болатын. Осы бағытта биыл құны 78,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның 12-сі іске қосылып, 67,1 млрд теңгеге инвестиция тартылды. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...