Сауран: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліске комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың басшыларын тыңдау туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев, білім және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және атқарылып жатқан жұмыстары туралы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейіржан Әділбеков, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова баяндама жасады.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кешенді шара қабылдап, алдағы уақытта ауылдық округтер мен бөлімдерге семинар-кеңес өткізуді тапсырды.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...