Сауран: Қарттарымызға құрмет көрсетілді

1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов пен Сауран аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байыспаев және ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар алқасының мүшелері қатысты.

Салтанатты шара тарихи қойылыммен басталып, аудан басшысы Мақсат Таңғатаров арагерлерге ақ жарма тілегін арнады. «Халықаралық деңгейде атап өтілетін бұл мерекенің еліміз үшін маңызы зор. «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол болар» деген қазақ әр уақытта карттарын құрметтеп өткен. Ардагерлер еліміздің алтын қоры іспетті. Өмірде және өздері қызмет еткен салада тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Аудандағы ауқымды жұмыстар қариялардың акыл-кеңестерімен жүзеге асып отыр, деген аудан әкімі қарияларды төл мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық тіледі.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байыспаевта қазыналы қарттарымызға құттықтау тілектерін жеткізді. Ауданымыздың құрметті ақсақалдары Балтабай Жарылқасынов пен Сейілхан Ахметов, Сауран аудандық Әжелер алқасының төрайымы Райхан Полатова және өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Рысбеков сөз сөйледі. Онда «Бүгінгі жас ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол баршамызға ортақ міндет» дейді қазыналы қарттар.

Бар жастық жігері мен күш-қайратын елінің ертеңіне арнап, аянбай еңбек еткен қарттарымыздың төл мерекелерін жоғары деңгейде атап өтуде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мереке иелері де өз үлестерін қосып, әсем әннен шашу шашты. Шара соңында ардагерлерге ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

x

Check Also

Түркістанда мейіргер ісін дамыту инновацияларына арналған халықаралық форум өтуде

Түркістан қаласында «Мейіргерлік қызметті дамытудың инновациялары мен перспективалары» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады, онда мейіргерлердің рөлі мен мәртебесін арттыру, ...

В Туркестанской области работают более 19 тысяч медсестер

В Туркестанской области работают более 19 тысяч медсестер. Стоит отметить, что самостоятельно вести прием могут 155 медсестер. Это облегчило работу ...