Сауран: МӘМС және отбасының цифрлық картасының орындалуы бойынша жиналыс өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: МӘМС және отбасының цифрлық картасының орындалуы бойынша жиналыс өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен бүгінгі таңға дейін аудан әкімінің апталық мәжілістерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша жиналыс болып өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек, білім, денсаулық салалары және жұмысшы топ мүшелері, ауылдық округтерінің жауапты мамандары қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, міндетті әлеуметтік мидициналық сақтандыру жүйесі, отбасының цифрлық картасы бойынша тапсырмалардың орындалуы сұралды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық емхананың жауапты маманы баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше аудан әкімінің өкімімен медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өз деңгейінде жұмыс жасамай жатқан ауылдық округтерін атап өтті.

Отбасының цифрлық картасы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Қахраман Мирзараймов хабарлап өтті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, отбасының цифрлық картасы деректерін, өзектендіру мақсатында мүдделі органдардың өкілдерінен аудандық және ауылдық деңгейлерде жұмысшы топтың атқаралып жатқан жұмыстарын жеткізді.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өз деңгейінде орындамаған ауылдық округтер мен тиісті бөлім басшыларын сынға алып, толық орындауды тапсырды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...