Сауран: Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынға комиссия мүшелері және тиісті бөлім басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналыстың күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік фактілерінің және өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің өкілі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Жандос Құрбанәлі, емхананың бас дәрігерінің орынбасары Айдана Аяғанова баяндама жасады.

Сонымен бірге, балалар мен жасөпірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауларының алдын алу мақсатында «Жасөспірім» рейд қорытындысы туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің өкілі мен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейіржан Әділбеков хабарлап өтті.

Жиын барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиналысқа қатысушылар тарапынан көптеген ой-пікірлер ортаға салынып, талқыға түсті. Алдағы уақытта бұл бағытта тұрақты түрде бірлесе жұмыс жүргізу керектігіне тоқталды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...