Сауран: Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиналысқа комиссия мүшелері мен тиісті сала өкілдері қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссияның күн тәртібіне сәйкес, есірткі бизнесі және жасөспірімдердің тартылуы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейіржан Әділбеков, ескірткіге тәуелді адамдардың қазіргі таңдағы үлесі саны туралы аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Айдана Аяғанова, нашақорлықтың алдын алу, жолын кесу бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудандық полицияның әкімшілік бөлімінің бастығы, полиция капитаны Мади Шакинов, нашақорлық бойынша 9 айда атқарған жұмыстары туралы мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бек Темірбаев баяндама жасады.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев күн тәртібіндегі айтылған кемшіліктер бойынша тиісті мекеме басшыларын сынға алып, алдағы уақытта жоспарлы, жүйелі жұмыс жүргізуге нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...