Саурандықтар сенбілікте 49 тоннаға жуық қоқыс шығарды — Xnews — ақпарат агенттігі

Саурандықтар сенбілікте 49 тоннаға жуық қоқыс шығарды

Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында 25 қазан — Республика күніне орай аудан аумағында экологиялық сенбілік өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру болып табылады.

Маңызды мемлекеттік мереке қарсаңында аудан тұрғындары қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстап сенбілікке шықты. Тазалық шарасына ауыл округтеріндегі мекеме ұжымдары, белсенді жастар мен еріктілерден 240-тан астам азамат атсалысып, 15 техника тартылды. Сенбілікке қатысушылар көшелер мен саябақтарды, арық-атыздарды қоқыстан тазартып, 48,7 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды. Сенбіліктің арқасында аудан аумағы тазарып, көшелері көріктеніп, ажарлана түсті. Аталған сенбілік жұмыстары өңірде алдағы уақытта да жалғасады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...