Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, А.Үсенов, Жүйнек, Қарашық, Нұртас және Шойтөбе елді мекендерінде ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған ауылдарда таза ауыз су өзекті мәселеге айналған. Өйткені, кейбір елді мекендерде кеңестік заманнан қалған ескі құбылар ескіріп, жарамсыз болып қалған. Ал, кейбір жерлерде су тапшылығы сезіліп, тұрғындар таза ауыз суға зәру болуда.
Бұл мәселені аудан басшыларыда тікелей назарға алып, биылғы жылы біршама жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, аудан әкімінің бастамасымен жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, ауыз су тапшылығы мәселесін жоюға жұмылдырылуда. Өңір басшысының тікелей тапсырмасымен ескі құбырлар ағымдағы жөндеуден өткізілуде.
Бүгінде аудандағы 34 елді мекеннің 99,9 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта атқарған жұмыстардың арқасында 12 елді мекенде суы қысымының деңгейі артып, уақытпен берілетін ауыз су жүйесі енді 24 сағат бойы үздіксіз беріледі. Аталған жобаның құрылыс жұмыстарын “TGL Kazakhstan ” ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Жыл соңында дейін ағамдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.