Түркістанда желтоқсаншылар этнос жастарымен кездесті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында кездесу өтті.

Басқосу барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде бастан кешкен оқиғаларымен және естеліктерімен бөлісті. Түркістан қаласының тұрғыны Жанат Жұмадуллаева, Сауран ауданының тұрғыны Тамара Ерімбет жүрек тебірентерлік естеліктерін айтып, жас буынды ерекше әсерге бөледі.

Жиынға қатысқан жастар батыр аға-әпкелерге сұрақтарын қойып, пікірлерін тыңдады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда бюджеттік тәртіп пен ашықтықты арттыру жолдары талқыланды

2025 жылғы 24 шілдеде Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ғимаратында «Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек ...

Түркістан қаласына ҚР Президентінің кеңесшісі іссапармен келді

Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс ...