Сауран ауданының әкімі су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексерді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданының әкімі су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексерді

Аудан әкімі жұмыс сапарымен су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексеру мақсатында Шаға ауылдық округінің елдімекендерін аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су жүйелерінің жағдайы мен оларды жаңарту жұмыстарының барысын қадағалау мақсатында ұйымдастырылған сапар барысында әкім жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын тексеріп, жауапты мамандармен кездесті.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары Қазақстанның 30 жылдығы, Бершінтөбе елді мекендерінде жүргізілуде. Аталмыш жұмыстардың басты міндеті — су құбырлары жүйесіндегі ақауларды түзету, су берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға сапалы таза су жеткізу.

Аудан әкімі ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау барысында техникалық талаптарға сай жұмыс істелу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның сұранысын ескере отырып, жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтау қажеттігін жеткізді.

«Жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау — біздің басты міндетіміз. Су жүйелерінің жаңартылуы тұрғындардың өмір сапасын арттырып, жалпы инфрақұрылымды нығайтуға ықпал етеді. Біз бұл жұмыстарды уақытында аяқтап, барлық тұрғындарды таза сумен 24 сағат қамтамасыз етуге міндеттіміз», — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

Жұмыстардың сапалы және мерзімінде орындалуы үшін қосымша бақылау шаралары енгізіліп, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелді.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...