Сауран ауданы орталығында жаңа аллеяның құрылысы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданы орталығында жаңа аллеяның құрылысы басталды

Сауран ауданының орталығында жаңа аллеяның құрылысы қарқынды түрде басталып, тұрғындар үшін жаңа демалыс аймағының негізі қалануда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба ауданның көркін арттыруға және тұрғындарға жайлы тынығу мүмкіндігін ұсынуға бағытталған.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жаңа аллеяның құрылыс алаңына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Әкім құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, мердігер компания өкілдеріне жұмыстарды уақытында әрі сапалы орындау керектігін ескертті. Ол сондай-ақ, аллеяның жасыл желекпен көмкерілуі, серуендеу жолдарының жасалуы және тұрғындар үшін барлық қолайлылықтың қамтамасыз етілуі маңызды екенін атап өтті.

«Бұл жоба ауданымыздың көркеюіне үлес қосып, тұрғындарға жаңа демалыс орны болмақ. Аллеяның құрылысы аяқталғаннан кейін бұл жерде тек қана тұрғындардың серуендеуі ғана емес, сонымен қатар мәдени іс-шаралар өткізуге де мүмкіндік тумақ», — деді Мақсат Таңғатаров.

Жаңа аллеяда балалар алаңы, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, көгалдар мен ағаштар отырғызылып, тұрғындардың сергектік пен демалыс үшін қажетті барлық жағдайлар жасалатын болады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейін толық аяқталып, аудан тұрғындарына жаңа тынығу аймағын сыйламақ. Аудан әкімі өз сөзінде аллеяның сәулеттік дизайнын да жоғары бағалап, ауданның эстетикалық келбетінің жақсаруына зор әсер ететінін айтты.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...