Сауран ауданы құрылғалы бері жастар саясатын белсенді түрде жүзеге асырып келеді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ауданда 14-35 жас аралығындағы жастар саны 33 404 адамды құрайды, бұл аудан халқының 32,1%-ын алады. Осы уақыт ішінде аудандық Жастар ресурстық орталығы жастардың әлеуметтік, мәдени және кәсіби дамуына арналған көптеген маңызды шараларды ұйымдастырып, жастарды қолдауға бағытталған жұмыстарды атқарды.
Жастар – еліміздің болашағы, рухани тәуелсіздігіміздің негізі. Ал, жастар саясаты мен азаматтық қоғамды қалыптастыруға өз үлесін қосқан, ғылым, саясат, өнер, спорт және басқа да салаларда жетістіктерге жеткен жастарды қолдау мақсатында «Жыл үздігі-2024» байқауы ұйымдастырылды. Аудан әкімі М.Таңғатаров марапаттау рәсімінде кәсіби және қоғамдық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен жастарды және жастар ұйымдарының көшбасшыларын алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапаттады.
“Бүгін біз үшін маңызды әрі ерекше күн. Сауран ауданында өз саласында үздік нәтиже көрсеткен, еңбегімен өзгелерге үлгі болған азаматтарды атап өтіп, оларды марапаттау үшін жиналып отырмыз. Бүгінгі “Жыл үздігі” шарасы — біздің ауданымыздағы әрбір еңбеккердің, әрбір азаматтың жасампаз еңбегінің бағаланатын сәті.
Құрметті марапатқа ие болған азаматтар! Сіздер өз жұмыстарыңызда жоғары жетістіктерге жетіп, ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосып келесіздер. Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен кәсібилігіңіз – ауданымыздың өркендеуінің кепілі. Біз сіздердің осы табыстарыңызды атап өтіп, алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!”- деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.
«Жыл үздігі-2024» байқауының жеңімпаздары:
1. Үздік жас мұғалім – Табынбаев Олжас Құрбанәліұлы;
2. Үздік жас ЖРО маманы – Сарсенбаев Асан Сейдуллаұлы;
3. Үздік жас спортшы – Тұрсынбай Елдар Жұмамұратұлы;
4. Үздік жас кәсіпкер – Мавленов Элзод Лазизович;
5. Үздік жас жыл белсендісі – Жақып Ақбөпе Маратқызы;
6. Үздік жас медицина қызметкері – Аяғанова Айдана Байдуллақызы;
7. Үздік мемлекеттік қызметкер – Сайлау Жанболат Бауыржанұлы;
8. Үздік жас отбасы – Бейсенбиевтер отбасы
9. Үздік жас полиция қызметкері – Абдіқадір Рамазан Қойшыбайұлы;
10. Үздік жас ақын – Бұхарбаев Ердәулет Айнабекұлы;
11. Үздік талантты жас – Бәйтен Айнұр Дәулетқызы;
12. Үздік жас көшбасшы – Ермахан Арайлым Саматқызы;
13. Үздік жас студент – Бахтияров Диербек Улуғбекұлы;
14. Үздік жас мәдениет қызметкері – Омаркулов Рахимжан Суанханович;
15. Үздік жас шығармашылық ұжым – «Ташенев домбырашылары» ұжымы, жетекшісі Әбілдахан Ұлжалғас Жұмабекқызы;
16. Үздік жас ерікті – Нұрынбетов Алмат Балтабайұлы;
17. Үздік жас оқытушы – Усаров Бехруз Мунирович.
Барша жеңімпаздарды және жетістіктерге жеткен аудан жастарын шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта да жастарға сенім артып, олардың елдің өркендеуі жолындағы еңбегін жоғары бағалаймыз.