Жолдау: Түркістан облысында екі жылда 6 АГТС салынды — Xnews — ақпарат агенттігі

Жолдау: Түркістан облысында екі жылда 6 АГТС салынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі инфрақұрылым саласына ерекше мән берілген болатын. Аталған сала бойынша Түркістан облысында да ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Бүгінде елді мекендерді газбен қамту жұмысы өте қарқынды. Екі жылда 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы ел игілігіне тапсырылып, газ желілері ұзарды. Солардың бірі Мақтаарал ауданы, Игілік елді мекенінде орналасқан. Аталған маңызды нысанға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, АГТС-тың жай-күйімен танысты. Тұрғындарды құттықтады.

– Өңірде елді мекендерді газбен қамту жұмысы жалғасады. Газ тарату станциялары салынып, аймақтың инфрақұрылымы жақсара түсті. Бұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі, – деген облыс әкімі тұрғындармен жүздесіп, пікір алмасты. Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне газдандыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде атқаруды тапсырды.

«Мақтаарал» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы ауданды газбен қамту көрсеткіші жақсара түскен. Жалпы бүгінде аудан халқының 75,6%-ы газбен қамтылған. Тұрғындарды 100% қамту үшін қосымша автоматтандырылған газ тарту станциясы салынып, 19 елді мекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін 2024 жылға 4,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Тағы 4 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, қаржы бөлуге ұсынылған.

Айта кетейік, елді мекендерді газбен қамту жұмыстары бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында келеді. Екі жылда 187 мың тұрғын, 90 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...