Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

Жалпы оқиға салдарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он екі адамға жетті. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталуда. Жалпы оқиға салдарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған», — деп жазылған министрліктің ресми мәліметінде.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, Тараз қаласының стационарларында ем алып жатқан зардап шегушінің бесеуі реанимацияда , екеуінің жағдайы ауыр.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше оқиғаға байланысты шұғыл жиналыс өткізді.

Жиналыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылып, оған Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық ететін болды.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...