Түркістанда «Devfest Turkistan-2024» халықаралық конференциясы өтті

Түркістанда облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы мен «Turkistan HUB» ұйымының ұйымдастыруымен «DevFest Turkistan-2024» халықаралық конференциясы өтті.

Іс-шара барысында IT және робототехника саласындағы сарапшылардың, кәсіпқойлардың және жас мамандардың басын біріктіріп, цифрлық технологияларды дамыту бағытында жаңа идеялар мен шешімдер ұсынды.

Заманауи технологияны пайдаланудағы үздіктер бүгінгі талапқа сай қызмет ұсыну, IT саласындағы жаңа қадамдар, жасанды интеллект жұмыстары жайында сөз қозғап, пікір алмасты. Сондай-ақ, іс-шарада старт-аптар өз жобаларын таныстырып, үздік идеялар жүлделі орындарға ие болды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала ...

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, ...