Түркістан: Идеология саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен облыстағы идеология саласындағы мәселелер бойынша мәжіліс өтті.

Бүгінгі жиынға салалық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдіктердің жауапты тұлғаларымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма бастығының орынбасары Мақсат Маханов, Департамент бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбеков және облыстық прокуратураның аға прокуроры Ербол Тұрсынбаев қатысты.

Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары идеология саласындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтып, әрбір басқарма басшысына өздеріне жүктелген міндетті сапалы орындауды тапсырды

– Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асырудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын» әзірледі Аталған кешенді жоспар жаңа қоғамдық әдеп, азаматтар мен билік арасындағы жалпыға бірдей игілік пен әділ қоғамға қол жеткізуге бағытталған. Облысымызда 18 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Жалпы облыстағы қоғамдық кеңестердегі азаматтық сектордың үлесі 81,4%-ды, жастардың үлесі 6,2%-ды құрайды. Түркістан облысында жастар саны 663 мыңнан асады. Республика бойынша алдыңғы орында. Осы ретте Мемлекет басшысы биыл қоғамдық кеңестегі жастардың үлесін 10%-ға жеткізу міндетін қойған. Қазіргі таңда жастар саясаты саласында кешенді шаралар жүзеге асырылуда, – деді Ертай Алтаев.

Мәжілісте жауапты басшылардың есебі тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы идеологиялық мәселелер үнемі басты назарда болу керектігін айтып келеді. Облыс әкімінің орынбасары осы жиынға қатысушыларға осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, облыстың өсіп-өркендеуіне, оның ішінде идеология салаларының дамуына бірігіп атсалысуға шақырды. Жауапты басшыларға өзекті мәселелер бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуы керектігін айтып, нақты ұсыныстар енгізуді жүктеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр ...

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты. «Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық ...