Жолдау: Сарыағашта 22 инвестициялық жоба қолға алынбақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды»- деген болатын. Осы орайда, Сарыағаш ауданының экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов және оның жетекшілік ететін салалары, атап айтқанда: ауданның кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдері қатысты.

Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жиын барысында жүзеге асыруға көзделген 22 инвестициялық жоба, нақтырақ: құс, мал, жылыжай шаруашылықтары, сонымен қатар өндірістік бағыттағы жобалар бойынша аудан әкімінің алдыңғы жиындарда берілген тапсырмалары пысықталды.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты орынбасарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында жол картасын дайындауды жүктеді.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...