Шымкентте «Жас волонтер» жобасының үздіктері марапатталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Жас волонтер» жобасының үздіктері марапатталды

Шымкентте ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен ұйымдастырылған «Жас волонтер» жобасының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараны «Шығармашыл жастар» қоғамдық қоры жүзеге асырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаға қаланың белсенді 14-35 жас аралығындағы жастары қатысып, олардың ұсынған жобалары 1 айдан аса уақыт қаралған. Шараның мақсаты – жастарды волонтерлік қызметке тарту, олардың қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру болатын.

Десе де Шымкентте ерікті болуға ниетті жастар көп болған. Жобаға 25 үміткер қатысқан. 16-ы жоба ұсыныпты. Солардың ішінен медицина, экология, әлеуметтік қызметтер бойынша ұсынған 5 жоба үздік атанды. Жеңімпаздар ұсынған жобалардың қоғамға тигізер пайдасы мен тиімділігіне мән берілген.

Жеңімпаздар қоғамға пайдасы мен тиімділігі жоғары жобалары үшін марапатталып, жалпы сомасы 1 миллион теңгені құрайтын гранттарға ие болды. Бұл гранттар арқылы олар өз бастамаларын одан әрі дамыту мүмкіндігін алды.

Марапатталғандар қатарында Әбдімәлік Әбдінәбиев отбасымен бірге қарттарға көмек көрсетуге бағытталған жобасын ұсынды. Ал «Сәби үміті» қорының жетекшісі Жазира Тілеубергенқызы қан донорлығы мәселесін көтеріп, «Мен донормын» акциясын ұйымдастыруымен ерекшеленді.

– Медицинада қан жетіспеушілігі жиі кездеседі. Біз ел бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар мен ауыр дертке шалдыққан науқастардың базасын құруды қолға алдық. Қажет кезде сол балаларға қан доноры болуға көмектесеміз. Бүгін жобамыздың жеңімпаз атануы біз үшін үлкен жетістік, – деді Жазира Тілеубергенқызы.

Ұйымдастырушылар волонтерлік қызметті әрі қарай дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл жоба жастарды әлеуметтік белсенділікке тартып қана қоймай, олардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдап, қоғамдағы рөлін арттыруға ықпал етеді.

Алдағы уақытта «Жас волонтер» жобасы аясында түрлі іс-шаралар мен тренингтер өткізу жоспарланған.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...