Асфальттің сапасы жақсарып келеді

Айшылық алыс жерден жылдам хабар алғызып, қарыштап дамыған техника жылқыны темір тұлпарға, сұңқарды ұшаққа айырбастады. Көздеген межеге жету әуе, мейлі тас жол болсын оңтайлана түсті. Нарық заманында көлік қызметі үлкен сұранысты иемденіп, ТМД елдері арасында жүк тасымалының 70%-ын автомобиль орындап келеді. Әйтсе де жол сапасы жағынан Қазақстиан әлем елдерінен артта қалды. Біздегі жолдардың сапасы сын көтермей, жарамды кепілдігі де ақсаңдап тұр. Бәрін басып озған техниканың сапалы жол салуға қауқары жетпей ме? Әлде, жол салудың біз білмейтін қыры мен сыры көп па? Бұл сұрақтарға өмірінің 40 жылын жол саласына сарп еткен ардагер жолшы Бердібек Досыбай жауап берді.

— Қызмет жолыңыз Кеңес одағы тарамай тұрып басталған. О заман мен бұ заманның да тыныс-тіршілігіне қанықсыз. Кеше мен бүгінгі жолдың айырмашылығы қандай?

— Баяғымен салыстырғанда қазір алға жылжу бар. Асфальттің сапасы жақсарып келеді. Адамдардың мүмкіншілігі артып, жолдар ұзарып жатыр. Бұрын тек құм жолдармен сапарға шықсақ, қазір техника қарқынды дамып, ыстық тас жолдардың саны артып келеді.Кеңес одағы кезінде тас жолдарды салғанда халыққа тиімді жақтарын қарастыратын. Мысалы, 80-90 жылдары еліміздің көптеген тас жолдарында демалыс алаңшасы болатын. Ұзақ сапардан келе жатқан жеңіл, ауыр көліктерге автотұрақтың көмегі көп тиетін. Неге? Себебі жол бойындағы автотұрақ апта бойы жүдеп келе жатқан жүргізушілердің демалуына мүмкіндік береді. Демалу тұрағы қазір жоқтың қасы дей алмаймын. Бірақ санын көбейту керек.

— Статистика бойынша, Қазақстан Республикасының автокөлік жолдары 141 елдің ішінен 92 орында тұр. Алдыңғы шептен көріну үшін бізге не жетпейді?

— Бізде жол белгілері жетіңкіремейді. Осының салдарынан көлік апаттары мен адам шығындары көп болып жатыр. Жолға қанша қаражат бөлінсе, жол белгілеріне де сонша ақша керек. Өйткені, белгіге баса назар аудару тек көлік жүргізушісіне ғана емес, жаяу жүргінші үшін де аса маңызды.

— Жол саласының басты проблемасы қандай?

— Жолдың жауы жаңбыр мен ауыр жүк көліктері. Су тас жарады ғой. Жауын-шашыннан арылмайтын аймақтар бар. Кез келген жерге жауын жауса, тас жол суды өзіне сіңірмей, су сыртқа ағып кетуі қажет. Салынған тас жол сапасыз болып, арасына су кірсе жолдың жарамдылық мерзімі болмайды. Тығыздыққа су кіреді. Үстінен ауыр жүк көліктері жүріп өткенде жаңағы тас жолдың түгі қалмайды. Жолдың материалы сапалы болса, бәрі керемет бола қалмайды. Жолдың сапасы материалға да салған адамға да байланысты емес. Жолдың сапасы жолдың жобасына байланысты. Материалды таңдап алардан бұрын қай жерде қандай сапалы материал барына назар аудару керек.

— Жолдың жауы — ауыр жүк көліктері дедіңіз. Ал, осы қауіпті жүк тасымалының алдын қалай аламыз?

— Айналма жолды көбейту керек. Қазір 60 тонна тиеген жүк көліктері тас жолда жүйткіп жүр. Ауыр көлік Республикалық маңызы бар жолдармен, қалаға кірмей, сырттан айналуы тиіс. Біз жолды осылай ғана сақтай аламыз. Мәселен, Өзбекстанмен арамызды жалғайтын негізгі жол бар. Көпір арқылы рұқсат етілген 20-30 тонна жүкті тиеп өте алады. Келешекте, шамамен 2-3 жылдың көлемінде осы жол тоғыз жолдың торабында орналасқан Шымкент қаласына кіріп келеді. Міне сол жол Бәйдібек би қиылысына дейін жетсе, қалаға, тас жолға төнетін қауіп сейіледі. Бастысы, ауыр жүк көліктерінің бағытын айналма жолдан адастырмау керек.

Бердібек ДОСЫБАЙ,
Aрдагер жолшы
.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Итоги года: «Таза Қазақстан» объединила миллионы ради экологического будущего

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева с апреля текущего года была проведена республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан». Мероприятие направлено на ...

Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды ...