Түркістанда «Байтақ» жасылдар партиясының І саммиті өтті (видео)

Су қауіпсіздігі – Орталық Азиядағы ең өзекті мәселенің бірі. БҰҰ дерегі бойынша 2050 жылға қарай Орталық Азия халқының саны 90 млн адамға жетеді, деп хабарлайды 24kz.

Сол кезде су тапшылығы 25-30%-ке артады. Бұл экономиканың өсімі мен азаматтардың табысына кері әсерін тигізеді. Бұл жөнінде Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен Түркістанда өткен «ARAL – 2024» жасылдар партияларының халықаралық І саммитінде айтылды. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Монғолияның «Жасылдар» партиясының төрағалары мен бас хатшылары қатысты. Олар климаттық өзгерістерге төтеп беру, апатқа ұшыраған Арал аумағын оңалту, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану және су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану мәселелерін бірлесіп талқылады.

Азаматхан Әміртаев, Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
— Әр елдің жасылдар партиясы ол – таза ауа, таза су, таза жер үшін. Табиғаттың тазалығы үшін, яғни, әр саяси партия өз мемлекетінің мүддесін қорғағанымен де олардың құндылықтары бір. Яғни, барлық мәселе көршілес елдермен тығыз байланысты. Ол мәселені қорғаған кезде біз бірігуіміз керек. Экологиялық мәселе әлемде бірінші орында тұр. Қазақстан Орта Азия елдерінде осы мәселені бірінші болып көтеріп жатыр.

© «24kz» телеарнасы

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...