Түркістанда қысқа дайындық жұмыстары жалғасуда

Түркістан қаласы жолдарының ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы орталықтағы бірінші кезекте қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар. Биыл жыл басынан бері асфальтты жолдар көлемі 41,7 км артқан,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқа дайындық жұмыстары бойынша орталықтарды аралап, техникалардың қолжетімділігімен танысты.

Қазіргі таңда, коммуналдық жұмыстарға жауапты «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС, «Жасыл ел» ЖШС және «Түркістан Су» МКК мен «SK Geokard» ЖШС мекемелері тарапынан 12 КДМ, 18 трактор әзірленген. Сондай-ақ, қосыша инфрақұрылым, құрылыс, жол бөлімдері, «Жасыл Түркістан» КММ, «Жол Қызметі» тарапынан – 10 жүк тиегіш, 22 камаз техникалары дайын.

Кәсіпорындар тарапынан маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 52 арнайы техника, 420 жұмысшы жұмылдырылмақ. Автомобиль жолдарын дер кезінде қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 310 тонна құм және 190 тонна тұз әзірленді.

Магистральды көшелерді қардан тазалау ІІІ бағытта жүзеге асырылады. Бірінші бағытта- 10 көше – 55,4 шқ: қала сыртындағы айналма жол, Саттарханов, Әкімшілік іскерлік орталық, Байбұрт көшесі, Әмір-Темір көшесі, Қожанов көшесі, Тәуке хан көшесі, Ерубаев көшесі, Тыныштықұлов көшесі, Қызылорда айналма жолы, Әуежай т/ж. Екінші бағытта- 9 көше – 34,8 шқ: Қазбек-би көшесі, Шекті тілеу көшесі, Алматы көшесі, Майкотов көшесі, Жандосов көшесі, Жангелдин көшесі, Майлин көшес, Кененсары хан көшесі, Жарылқапов көшесі. Үшінші бағытта- 6 көше-14,6 шқ: Кентау тас жолы, Яссы көшесі, Тараз көшесі, Қожабаев көшесі, Жібек жолы көшесі, Отырар мөлтек ауданы.

Сондай-ақ, қосымша 31 көше мен 5 саябақ, ӘІО аумағы, Рухани-мәдени Орталық аумағы, Б.Саттарханов бойындағы желілік саябақтар реттілігімен тазаланады.

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...