Ауыл мектебінің тыныс-тіршілігі фотокөрмеде таныстырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ауыл мектебінің тыныс-тіршілігі фотокөрмеде таныстырылды

Түркістан қаласындағы «ÓzgeEpic» креатив хабында ауыл мектептерінің тыныс-тіршілігін айшықтаған «Ауыл мектебі» фотокөрмесі өтті. Іс-шара шалғай ауылдағы білім ордаларының күнделікті өмірі мен даму жолын көпшілікке таныстыруға арналды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрменің басты мақсаты – ауыл мектептеріндегі жаңа технологияларды енгізу, білім сапасын арттыру жолындағы ізденістерді көрсету, сондай-ақ ауыл тұрғындарының тұрмысы мен болмысын ашып көрсету. Фотокөрме бұған дейін елордада таныстырылып, енді Түркістан жұртшылығының назарына ұсынылды.

Іс-шара «ÓzgeEpic» креатив хабының бастамасымен және Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Қор елімізде білім беру сапасын теңестіру бағытындағы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Көрменің авторлары – белгілі фотосуретшілер Әйгерім Бегімбет пен Сәбина Әбдімәлік. Әйгерім Бегімбет – журналист әрі фотосуретші, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы және “Үркер” ұлттық сыйлығының лауреаты. Сәбина Әбдімәлік – суретші-фотограф, оның фотожұмыстары еліміздің бірнеше қалаларында қойылған.

Фотокөрме барысында қатысушылар авторлардың шығармашылық идеяларымен танысып, фотосуреттер кейіпкерлерінің оқиғаларын тыңдауға мүмкіндік алды.

«Ауыл мектебі» фотокөрмесі – шалғайдағы білім беру мекемелерінің әлеуетін паш етіп, ауыл мектептері мен оқушыларының дамуына жаңа серпін беруге бағытталған бірегей жоба.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...