Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматта ұсынады

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аудандық басқармалары тұрғындарға бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетуде. Барлық қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн түрде алуға болады.

Көрсетілетін қызмет түрлері және мерзімдері:
1. Эпидемиялық мәні жоғары объектілердің нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру
— Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні.
2. Жаңа өнім түрлері мен нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру
— Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
3. Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және реестр жүргізу
— Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.
4. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымшаларды беру
— Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні.
5. Санитариялық-эпидемиологиялық маман сертификатын беру
— Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
6. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтері бойынша лицензия беру
— Қызмет көрсету 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қолжетімді.
— Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

2014 жылға дейін алынған лицензиялар жарамсыз болып есептеледі. Бұл Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 53-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметті қалай алуға болады?

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы қажет. Қызмет алушы қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырып, нәтижесін жеке кабинетінде көре алады.

Мемлекеттік қызметке іріктеу: жаңа алгоритм шымкентте пилоттық режимде іске қосылды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеу мен конкурс өткізу процесін жаңғыртудың пилоттық жобасын бастады. Жаңа әдіс ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қолданылуда.

Іріктеу және конкурс өткізу процестері толықтай цифрландырылды және https://eqyzmet.gov.kz сыртқы интернет-порталы арқылы жүргізіледі. Бұл жаңашылдықтардың басты артықшылығы – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету.

Ерекшеліктер:
1. Әңгімелесуге дейінгі іріктеу электронды түрде өтеді.
2. Онлайн әңгімелесу: Үміткерлер комиссиямен қашықтан сұхбаттасады.
3. Үшінші тараптың қатысуы: Комиссия құрамында сырттан шақырылған тәуелсіз сарапшы болады, ол сұрақ қоюға және баға беруге тең дәрежеде қатысады.
4. Теңсіздікті жою: Комиссия мүшелері үміткерге өзара ықпал ете алмайды, себебі бағалау жеке-жеке және автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі.
5. Сұрақтардың икемділігі: Сұрақтар алдын ала бекітілмейді, комиссия мүшелері үміткердің жеке және кәсіби құзыреттерін анықтау үшін еркін сипаттағы сұрақтар қоя алады.
6. Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл: Әңгімелесу жазбалары жүйеде сақталады, бұл процестің ашықтығын арттырады.

Жаңа әдіс мемлекеттік қызметке үміткерлер арасында ашық бәсекелестік орнатуға ықпал етеді және кадрларды іріктеуде заманауи технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді.

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, жаңа алгоритм Қазақстанның басқа өңірлеріне де таратылады деп күтілуде.

Толық видеоны мына сілтемеден көре аласыздар: https://www.facebook.com/share/v/17qZwRPEuS/

x

Check Also

В специальной экономической зоне «Оңтүстік» запускаются 5 проектов

В производственной зоне был организован пресс-тур для более широкого ознакомления журналистов и общественности с инвестиционными проектами, которые начали реализовывать в ...

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем. На брифинге аким города Габит Сыздыкбеков заявил, что строительство новых транспортных ...