Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды

Бүгін Шымкент қаласында күрделі жөндеуден кейін Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан қатысты.

Көптен күткен бұл оқиғамен ұжымды құттықтай отырып, ол прокуратура қызметкерлеріне жасалған жағдайлар азаматтардың игілігіне аянбай еңбек ету үшін арналған мемлекет пен қоғамның сенімінің несиесі екенін атап өтті. Әрбір қызметкер еңбек тәртібін қатаң сақтай отырып, міндеттерді адал және мұқият орындау қажеттілігін анық түсінуі кажет.

Қалада 5-ші ауданның құрылуына байланысты ғимарат прокуратураның есебіне берілді.

Ғимаратта 47 қызметтік бөлмелер, мәжіліс залы және жауап алу бөлмелері және т.б. бар.

Ғимараттың материалдық-техникалық жабдықтары халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи талаптар мен стандарттарға толығымен сәйкес келеді.

Қала прокуроры Ғабит Мұқанов аудандық прокуратура қызметкерлерін құттықтап, ғимаратта азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...