Заң және тәртіп: Түлкібаста «Құқық, әділет және парасат жолы» тақырыбында жиын өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Заң және тәртіп: Түлкібаста «Құқық, әділет және парасат жолы» тақырыбында жиын өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Жолдауында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет» деген болатын. Жолдауда аса мән берілген бұл тақырып аясында елімізде түрлі шаралар қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Құқық, әділет және парасат жолы” тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты — оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіру, әділеттілік пен парасаттылық ұғымдарының мәнін ашып, оқушыларды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында оқушыларға заңның қоғамдағы рөлі, құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, заңға қайшы әрекеттердің салдары жайлы нақты мысалдар келтіріліп, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы айтылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...