Білім мен тәжірибе алмасатын алаң

Астанада «Connected – 2024» халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Іс-шараның салтанатты ашылуында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова сөз сөйлеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді.

Мемлекет басшысы «Connected – 2024» – шы­ғар­­машылық идеяларды тал­қылауға, болашақты бол­жауға, сондай-ақ озық білім мен тәжірибе алмасуға бағыт­талған бірегей жоба екенін атап өтті.

«Қазақстан шетелдің бедел­ді жоғары оқу орын­дары­мен бірлесе отырып, академия­лық хаб құру жолында белсен­ді жұмыс жүргізіп келеді. Біз еліміздің ғылыми-ин­нова­циялық әле­уетін арт­тыру үшін берік негіз қалыптастырып жатырмыз. «Connected – 2024» конференциясы осы мақсатқа жет­у­ге септігін тигізеді. Бү­гін­гі басқосу ғалымдар мен сарап­шылардың халық­аралық байланысын бекемдеуге, білім беру және адам капиталын дамыту саласына тың тәсілдер енгізуге жол ашады деп сене­мін», делінген Мемлекет басшы­сының хатында.

Екі күнге жоспарлан­ған іс-шараға 20-дан аса елден 1,5 мыңға жуық делегат, сондай-ақ 100-ден аса белгілі ғалымдар мен әлем­нің жетекші универ­ситет­терінің өкілдері қатысады. Конфе­ренция аясында білім мен ғылымды дамыту жөніндегі шешімдер ұсынылып, талқы­ланатын болады.

Т.Дүйсенова Мем­лекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлем­нің алдыңғы қатарлы 23 жо­ғары оқу орны­ның фи­лиал­дары елімізде жұ­мы­сын бастағанын атап өтті. Вице-премьер стратегиялық әріптестерге Үкімет атынан алғыс білдіріп, бұл қадамның негізгі мақсаты туралы айтты.

«Біріншіден, халықара­лық стандарттарға сай оқу бағдарламасын меңгерген, еңбек нарығы сұранысына ие жоғары білікті кадрларды да­йындау, екіншіден, оқу бағ­дар­ламалары және оқы­ту тех­нологияларының озық үлгі­лерін трансферттеу, үшін­ші­ден, ғылым мен инно­ва­ция­ларды дамыту мақ­саты тұр. «Жұ­мыла көтер­ген жүк жеңіл» деген сөз бар. Өзара тиімді жұ­мыс істеп, ал­дымызға қойған мақ­­саты­мызға бірге жетеміз деп санаймын», деді Т.Дүйсенова.

Дереккөз: egemen.kz

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...