Ғылым және жоғары білім саласының өкілдері марапатталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ғылым және жоғары білім саласының өкілдері марапатталды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, Президент жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат Нұрбек қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып, өзінің құттықтау сөзінде: «Бұл мереке – Тәуелсіз еліміздің мемлекеттілік пен егемендікке бастаған тарихи қадамының айқын символы. Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілеу – мемлекетіміздің мызғымас негіздерін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл мереке біздің ұлттық бірегейлігімізді жаңғыртып, болашаққа сеніммен қарауға ынталандырады», деп атап өтті.

Министр биыл ғылым саласындағы жетістіктер ерекше назарға алынып, көптеген ғалым отандық ғылымды дамытудағы ерекше жетістіктері, мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болғанын, бұл олардың мәртебесінің және қоғамдағы рөлінің артқанын көрсететініне тоқталды.

Салтанатты іс-шара аясында Асқар Жұмаділдаев Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, 25 қазан күні қабылданған Егемендік декларациясының еліміз үшін ерекше маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат еліміздің өз болашағын дербес айқындауына, саяси, экономикалық, мәдени дамудың жаңа кезеңіне өтуіне негіз қалады, сондай-ақ ұлттық мемлекеттілігімізді қалыптастыруға жол ашып, қазіргі Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне негіз болды.

Министр Мемлекет басшысының атынан елдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар ғылым және жоғары білім саласының өкілдеріне «Парасат», «Құрмет» ордендерін, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен Президенттің «Алғыс хатын» табыстады. Сондай-ақ ғылым, жоғары білім және тіл саясаты саласындағы еңбегімен ерекшеленген жоғары оқу орындарының қызметкерлері, ғалымдар мен зерттеушілер «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...