Жыл басынан бері Түркістан қаласында 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Бұл жайында қалалық «Мансап орталығының» Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Уалихан Тінейбайұлы тікелей эфирде баяндады.

Орталықтың инстаграм және facebook парақшаларында өткен тікелей эфирде жыл басынан бергі көрсеткіштер айтылды. Сондай-ақ тұрғындардың көкейкесті сауалдары талқыланып, тұшымды жауап берілді.

Баяндамаға сүйенсек, биыл қалада субсидияланған жұмыс орындары 2543-ті құраған.

Қоғамдық жұмысқа 1308 адам, алғашқы жұмыс орнына 135 азамат, әлеуметтік жұмыс орнына 144 маман жолданған. Ал «Жастар практикасымен» 780 азамат жұмысқа орналасса, «Күміс жас» жобасы арқылы 176 азаматқа көмек көрсетілген.

Одан бөлек, ұлттық жоба шеңберінде 35 жоба, 478 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 30 жобасы іске асырылып, бүгінде 426 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтарды да жұмыспен қамту шаралары жүйелі жүзеге асуда. Атап айтқанда, биыл ерекше қажеттілігі бар 20 азамат квотамен жұмысқа тұрды. Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар да қолдау алып, 15-і жұмыспен қамтылып үлгерді.

Жоғарыда айтылған жұмыстардың нәтижесі бойынша шаһарда жұмыссыздық деңгейі биыл 4,9%-ды құрап отыр.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...