Түркістан: Саурандық делегация Түркияның Кония қаласына іссапармен барды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған арнайы делегация Түркия Республикасына іссапармен барды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы топ Кония қаласының Қаратай ауданында болып, екі бауырластық меморандумына қол қойылды. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп, шет елден инвестиция тарту, өндіріс орындарын құру және жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар делегация Конья қаласының Қаратай ауданында сауда және өнеркәсіп, іскерлік бизнес өкілдерімен жүздесіп, Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, түркі мемлекеттер ұйымы арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін құрылған «Turan» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін таныстырды.

Іскерлік сапар барысында саурандық делегацияға экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер өндіріс орындарының технологияларын таныстырды. Алдағы уақытта меморандум негізінде екіжақты байланысты нығайтып, қант өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, жиһаз жасау және текстиль бағытында әріптестік орнату жайы талқыланды.

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...