Ордабасыда 300 адамды жұмыспен қамтитын бірнеше кәсіпорын іске қосылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасыда 300 адамды жұмыспен қамтитын бірнеше кәсіпорын іске қосылады

Түркістан облысында инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар жанданып келеді.

Осы бағытта Ордабасы ауданы «Бадам» индустриалды аймағында жаңа инвестициялық жобалардың құрылысы басталған болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барып, алюминий профиль бұйымдарын шығаратын ««Central Asia Aluminum Company» ЖШС-ін аралап, жұмыс барысын бақылады. Зауыттың құрылысымен танысқан өңір басшысы кәсіпкерлермен пікірлесті.

– Біздің өңірде жұмыс орындарын ашу маңызды. Сол себепті өңірде іске қосылған әрбір зауыт өңір экономикасының дамуына үлес қосады. Сондықтан инвестициялық жобаларға тұрақты қолдау көрсетіледі. Осы зауыттарда біздің тұрғындар жұмыс істейді, – деді Дархан Сатыбалды.

Бадам индустриялды аймағында «Сentral Аsia Аluminum company» компаниясының алюминий профиль бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвестициялық құны 4 млрд. 400 млн.теңге, Жобаның бірінші кезеңі 2025 жылдың наурыз айында іске қосылып, 200 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтиды. Жылдық қуаттылығы – 10 мың тонна. Ал екінші кезеңі іске қосылғанда 150 жұмыс орны ашылмақ.

Іссапар аясында Бадам ауылындағы «RZN» ЖШС-нің автоклабталған газоблок шығаратын зауытының жұмысымен танысты. Жобаның инвестициялық құны 1 млрд. 500 млн. теңгені. құрайды, ал қуатылығы жылына 85 мың текше метр. Жоба толықтай іске асқан кезде 25 адам жұмыспен қамтылады. Жер аумағы – 3 гектар.

Өңір басшысына балалар ойын алаңшаларын шығаратын зауыт пен инновациялық темірбетон шығару зауытының, металл өнімдерін өндіру жобасының құрылыс барысы таныстырылды. Бұл кәсіпорындарда 100-ге жуық жұмыс орны құрылмақ.

Аудандағы зауыттарды аралап көрген облыс әкімі мемлекет тарапынан ұсынылған жер уақтылы игеріліп, кәсіпорындар өз мерзімінде ашылуы керек екенін жеткізді. Сонымен бірге индустриалды аймақты абаттандырып, көгалдандыру қажеттігін, жергілікті тұрғындарды үйретіп, жұмысқа тарту керектігін ескертті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...