Өтініштер назардан тыс қалмайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Өтініштер назардан тыс қалмайды

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тұрғындарды жеке қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

Қоғамдық қабылдауға білім, денсаулық және әлеуметтік салаға қатысты өтінім қалдырғандар қатары басым. Сондай-ақ қабылдауға келген бірқатар тұрғын денсаулық және білім саласындағы кейбір түйткілді мәселелердің оңды шешілуіне ықпал етуін өтінді.

Түркістандық тұрғын Д.Ташекеева мектептен босатылғандығын айтып, қайта жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрады. Бейсенбай Дәулетұлы Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Нурпейсовке өтініш иесін тұрақты жұмысқа орналастыру үшін бос орындарға конкурс жариялап, заңға сәйкес жұмысқа орналастыруды қарастыру бойынша тапсырма берді.

Ал Жетісай ауданының тұрғыны П.Биматов ауданның орталық ауруханасында 20-30 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға «Ерен еңбегі үшін» медалін беру туралы ұсынысын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары аталған ұсыныстың дұрыстығын анықтап, бұл бойынша Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Сатыбалдыға көп жылдық еңбегі бар азаматтаржы марапаттау заң аясында жүргізіліуі керектігін айтты.

Қабылдауда жер мәселесі де көтерілді.

Түркістан облыстық жер қатынастар басқармасына жеке қабылдаудың хаттамасы негізінде өтініш иелерінің мәселесін қарап, айтылған ұсыныстар бойынша жауапты мамандарға тапсырма берді.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...