«Болмасаң да ұқсап бақ… » — Xnews — ақпарат агенттігі

«Болмасаң да ұқсап бақ… »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл толуына орай бүгін аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Бөржар ауыл тұрғындары арасында “Қажымұқан барысы» турнирі өтті.

Жарысқа қатысушылар арқан және арба тарту, бөрене мен кір тасын көтеру, қол күрес және өгіз тарту сынды ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынады.

Қара күш сыналған тартысты додада мықтылар анықталып, жүлдегерлерге Қажымұқан Мұңайтпасұлының мүсіні, диплом, медаль және біріңғай спорттық киімдер тапсырылды.

“Қажымұқан барысы” турнирі бекітілген кестеге сәйкес барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылып, ақтық сайыс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан орталығында өтеді.

Дереккөз: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...