Түркістан: Созақтық ұстаз Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында рекорд орнатуға үлес қосты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Созақтық ұстаз Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында рекорд орнатуға үлес қосты

Астана төрінде өтіп жатқан Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында қазақстандық 450 шебер Аламан құрақ көрпешесін құрау бойынша әлемдік рекорд орнатып, тарихи оқиға орын алды.

Солардың ішінде, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақбілек Байтемірқызы бар. Созақтық мұғалім өте күрделі саналатын «Гаухартас», «Сынық мүйіз», «Аламан» құрақ техникалары бойынша 11200 шаршы метр болатын көрпеше құрау бойынша рекорд орнатушының бірі болып тіркеліп, «КИНЭС» қазақстандық рекорд кітабына енді.

Айта кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтіп жатқан этникалық іс-шараға әлемнің 89 елінен 4000-ға жуық спортшы қатысуда. Бұл күндері спорттың 20-дан астам түрінен бөлек, түрлі халықаралық дәрежедегі мәдени шаралар өтуде. Шараның мақсаты — ұлттық спортты дәріптеу, туризмді және этномәдениетті дамыту.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...