Д.Сатыбалды Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топ өкілдерімен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Д.Сатыбалды Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топ өкілдерімен кездесті

Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Олармен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысы айтылды.

– Қасиетті Түркістанға қош келіпсіздер. Өздеріңіз білесіздер, Президент тапсырмасымен заң жобасы әзірленіп, сіздердің қарауларыңызға ұсынылды. Бұл заң жобасының Түркістан үшін маңызы зор. Түркістанның тарихи келбетін, ескерткіштері мен мұраларын сақтап, ұрпаққа жеткізу – үлкен жауапкершілік. Аталған заң жобасы Түркістанның мұрасын сақтап, туризмі мен қолөнерін, экономиксын дамытуға серпін береді, – деген Дархан Сатыбалды Астанадан келген арнайы жұмысшы топ мүшелеріне алғысын білдірді.

Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Түркістанның тарихи рөліне тоқталды.

– Парламентте Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде жұмысшы топ құрылды. Оның құрамында Мәжіліс депутаттарымен қатар бірнеше министрлік өкілдері бар. Түркістанға келудегі мақсатымыз – осы заң жобасын жергілікті тұрғындармен бірге талқылау. Ел ақсақалдарымен, зиялы қауыммен, тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаймыз, – деді ол.

Кездесуде Мәжіліс депутаттары – Нұрлан Әуесбаев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиевтер өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова да заң жобасын талқылау үшін Түркістанға арнайы келген. Шаһарда бірнеше кездесу өткізу жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...