Түркістан: Қоғамдық көліктерде рейдтік шаралар күшейтілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Қоғамдық көліктерде рейдтік шаралар күшейтілді

Түркістан қаласында қоғамдық көлік пайдалану мәдениетін арттыру және заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бүгін «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі», жол патрульдік полициясы және «AlemPay» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік тексеріс жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру нәтижелері бойынша №1 бағыт: 7 жолаушыға билет берілмеген, №2А бағыт: 1 жолаушыға билет берілмеген, №7 бағыт: балаларға арналған 2 билет берілмегендігі анықталды.

Сонымен қатар, жол жүру ақысын төлеуден жалтарған 4 заң бұзушылық анықталып, әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге саламыз, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 622-бабының 2-тармағына сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлемеу – 2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады. Ал жүргізушілердің жолаушыларға билет бермеуі осы баптың 1-тармағы бойынша қарастырылады және 1 АЕК айыппұл салынады. 2024 жылғы АЕК мөлшері – 3 450 теңге.

Қоғамдық көлік пайдалану ережелерін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өз құқығыңызды қорғап, билет талап етіңіз және жол жүру ақысын төлеуді ұмытпаңыз.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...