Түркістан облысында 48 000 жастың қатысуымен профилактикалық дәрістер өткізілген

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында есірткінің заңсыз айналымына қатысты мәселелерді талқылау мақсатында Үйлестіру кеңесі өтті.

Оған облыс әкімі Д.Сатыбалды мен оның орынбасары Бейсен Тәжібанв, полиция басшысы М.Қабденов, прокурор М.Тілеубердиев, ҰҚК басшысы Б.Қалмұрзаев, СЖҚІҚД бастығы М.Төлеубаев, ТЖД бастығы А.Төлешов, ДСБ бастығы А.Байдувалиев және басқа да құзырлы орган басшылары қатысты.

Кездесу барысында нақты есірткіге қарсы іс-қимыл бойынша мәселелер қаралды. Кеңес барысында есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен атқарылған жұмыстар талқыланды. Орган басшылары тарапынан баяндамалар оқылып, ұсыныстар айтылды.

Мәселен сөз алған облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов полициямен жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 650-ден астам дерек тіркеліп, 330 келіден астам есірткі тәркіленгенін және есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында 48 000-ға жуық оқушы мен студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шаралардың өткізілгенін атап өтті.

Жалпы Түркістан облысының полициясымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында телеграм каналда анықталған 34 интернет дүкеннің қызметі тоқтатылды. Ал киберқадағалау бағдарламасы арқылы 104 сайт бұғатталды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері жиын барысында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды, жастар мен оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын және дәрістерді бірлесе күшейтуге уағдаласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Түркістанда Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ...

Заң және тәртіп: Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады

Ұлттық бейнемониторинг жүйесі Қазақстанның екі қаласында іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Инновациялық жоба Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ...