Түркістанда «Ғажайып кітап әлемі» атты республикалық кітап фестивалі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Ғажайып кітап әлемі» атты республикалық кітап фестивалі өтті

Бүгін елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен өтіп жатқан ауқымды шараға Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы да қатысуда.

Кітап мерекесін журналист, «Түркістан Медиа Холдинг» ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен,Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Теология» факультетінің деканы, Досай Кенжетайұлы және ҚР Мәдениет майталманы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бұқаралық көрмелік іс-шаралар секторының меңгерушісі Пернекүл Нәлтаева ашып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

Кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған «Ғажайып кітап әлемі» атты шара барысында арнайы кітап көрмелері және инсталляциялар жасақталып, келушілер назарына ұсынылды.

Кітап фестивалі аясында жас ақын, журналист Бауыржан Ерманмен кездесу өтті. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын қолдау мақсатында фестиваль қатысушылары мен қонақтары кітапхана қорына кітап табыстады. Кітап дүкендері тарапынан сатылымға түрлі туындылар шығарылды. Акция аясында кітапхана қорына 300-ге жуық кітап сыйға тартылды.

Шараның балаларға арналған бөлімі «АКА» шығармашылық орталығының өнерлі балаларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Өнерлі балаларға кітапхана директорының атынан арнайы алғыс хат табысталып, сыйлықтар ұсынылды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...