Түркістан: Сауранда жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Сауранда жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр

Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінде бір қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде нысанның іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып жатыр. Пәтерлер 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 16 отбасы баспаналы болмақ. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ғимараттардың құрылысымен танысып, жауапты мекеменің жұмысын бақылады.

Айта кетсек, Сауран ауданында 1 198 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, 358-і өзге аудан-қалалардан келіп жұмыс істейтін азаматтар. Сонымен қатар, бүгінде ауданда әкімшілік және прокуратура ғимараттары пайдалануға берілген. Одан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...