Түркістанда «Шексіз мүмкіндік» облыстық өнер фестивалі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Шексіз мүмкіндік» облыстық өнер фестивалі өтті

 Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған «Шексіз мүмкіндік» облыстық өнер фестивалі өтті. Іс-шараға Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгін керемет іс-шараның куәсі болып отырмыз. Қоғамда ерекше жандарға әркез құрмет жоғары. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық! Өнерлі азаматтарға шығармашылық табыс тілеймін! – деді басқарма басшысының орынбасары.

Аталған шараға арысы Астана мен Шымкент қаласынан, берісі Қызылорда облысы мен Түркістан өңірінің аудан, қалаларынан қатысты. Таланттар жиналған байқауға бас аяғы 50-ге жуық өнерпаз бой көрсетті. Патриоттық және мерекелік әндерді шырқап, бойдағы өнерін паш еткен дарын иелеріне сый-сияпат табысталды. Шара барысында қылқалам және қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі де көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ «Түркістан» брендімен құнды сыйлар берілді. Ынталандыру мақсатында барлығына алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, фестиваль мақсаты – ерекше дарынды жастар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау білдіріп, ұлттық рухта тәрбиелеу.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...