Түркістан: Арыстық мектеп оқушылары алдағы тоқсанды жаңа мектепте қарсы алады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Арыстық мектеп оқушылары алдағы тоқсанды жаңа мектепте қарсы алады

Арыс қаласы, Онтам елді мекені оқушылары биылғы оқу жылын зор қуанышпен қарсы алмақ. Жуық арада ауылда жеке инвестор есебінен 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бүгінде 140-қа жуық ауыл балалары Ақдала ауылындағы мектепке автобуспен қатынап оқып жүр. Енді жаңа әрі заман талабына сай жабдықталған мектепте білім алады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова жаңа мектеп ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Мектеп соғуға атсалысқан инвестормен жүздесіп, сапалы білім беру – ел болашағының негізі, екенін баса айтты.

«Жеке кәсіпкердің қоғам игілігіне жасаған бұл үлесі ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жас буынның білім алуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Жаңа мектептің соғылуы — ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық қана емес, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған үлкен мүмкіндік.» — деді шаһар басшысы.

Мектеп заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда кең әрі заманауи спорт және акт залы, пәндік кабинеттер, кітапханалар, жуыну бөлмелері мен ішкі әжетханалар қарастырылған. Қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмаған — бейнебақылау камералары орнатылып, сыртқы спорттық тренажерлер мен футбол алаңшасы да қарастырылған.

Ауыл тұрғындары мен оқушылардың қуанышына айналатын бұл мектеп білім сапасын арттырып қана қоймай, ауылдағы балалардың күнделікті өмірін жеңілдетпек. Бұл онтамдық оқушылардың уақытын үнемдеуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға үлкен септігін тигізбек.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...