Түркістандық волейболшы қыздар жеңіс тұғырынан көрінді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық волейболшы қыздар жеңіс тұғырынан көрінді

Түркістан қаласында волейболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірім қыздар арасында өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс қаланың «Құрметті азаматы», ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мамаш Омаровты еске алуға арналды.

Сайысқа Астана, Шымкент, Хромтау, Ақтөбе, Түркістан қаласы мен Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан келген 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты ойында Түркістан қаласының «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» волейболшы қыздары I орынды иеленсе, II орын Ақтөбе қаласына, III орын Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына бұйырды.

Жиынға қатысқан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев пен «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев жеңіске жеткен командаларды құттықтап, қатысушыларға алғыс білдірді. Жеңімпаз командаға арнайы кубок табысталып, жүлдегерлер алғыс хаттармен марапатталды.

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...