Түркістан облысында ауылдарды сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков Сарыағаш, Келес аудандарына іс-сапармен барды.

Алдымен Сарыағаш ауданына қарасты Тың елді мекенінде орнатылған «Билайн» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясының жұмысымен танысты. Бүгінде станциядағы интернет желісінің жылдамдығы 106 мбит/с құрайды. Сонымен қатар, аудандағы Сіргелі елді мекенінде «Кселл» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясымен танысты. Онда интернет желісінің жылдамдығы 30 мбит/с. Бұдан бөлек, Алғабас елді мекенінде орнатылған «Кселл», «Билайн» байланыс операторларының орнатқан базалық станцияларының жұмысы таныстырылды. Онда интернет желісінің жылдамдығы 100 мбит/с құрайды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Келес ауданына қарасты Абай ауылында орнатылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнебақылау камераларын орнату барысымен танысты. Одан бөлек, аудандағы «Кселл» және «Билайн» ұялы байланыс операторларының тарапынан орнатылған базалық станцияларға барып, интернет желісінің жылдамдығының артқанына көз жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі аудан-қалаларда жалпы бейнебақылау жүйесін арттыру жұмыстарын жүргізу негізінде биыл 200 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарлауда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

_____________________________________________________________________________________

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ СЕЛ КАЧЕСТВЕННЫМ ИНТЕРНЕТОМ

Руководитель управления цифровизации, оказания государственных услуг и архивов Туркестанской области Марат Айнабеков посетил Сарыагашский, Келесский районы.

Сначала ознакомился с работой базовой станции, установленной оператором сотовой связи «Beeline», которая установлена в населенном пункте Тың Сарыагашского района. Сегодня скорость сети интернет на станции составляет 106 мбит/с. Кроме того, он ознакомился с базовой станцией, установленной оператором сотовой связи «Kcell» в населенном пункте Сергели, где скорость сети интернет составляет 30 мбит/с. Также была презентована работа установленных в населенном пункте Алгабас базовых станций операторов связи «Kcell», «Beeline». Там скорость сети интернет составляет 100 мбит/с.

Руководитель управления ознакомился с ходом установки камер видеонаблюдения, обеспечивающих общественную безопасность, установленных в селе Абай Келесского района. Были посещены базовые станции, установленные операторами сотовой связи «Kcell», «Beeline» в районе, и убедились в увеличении скорости сети интернет. Стоит отметить, что в текущем году на основе проведения работ по повышению общей системы видеонаблюдения в районных городах региона планируется установить 200 единиц камер видеонаблюдения.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

x

Check Also

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ...

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...