Түркістанда ХХVI халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістанда халықаралық ХХVI «Қазақ романсиадасы» жас орындаушыларының байқауы өз мәресіне жетті. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мұндай халықаралық байқаулардың маңызы жоғары екеніне тоқталып, желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына жолдама алған Гран-при иегеріне табыс тіледі.

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының ауызбіршілікті сақтау, ұлтаралық достықты нығайту мақсатындағы бастамалары аясында ұйымдастырылып отыр.

Түркістан облыстық әкімдігі мен «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінен 60 үміткер қатысып, байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынады. Қазақ және орыс тілінде романс орындаған үміткерлердің өнеріне Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Романсиада» халықаралық байқауы идеясының авторы және ұйымдастырушысы Галина Преображенская, Өзбекстанның халық әртісі, Науаи атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театрдың жетекші солисі Аваз Раджабов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Игорь Воронцов, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, Қазақтың кәсіптік өнері кафедрасының доценті Гүлзат Бейсенқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана опера» жетекші солисі Талғат Мұсабаев, сонымен қатар гала-концерт қонағы «Романсиада-2018» орыс романсиадасы жас орындаушылар байқауының бірінші сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Николай Землянских төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен Гран-при Нұрсұлтан Ануарбекке (Астана) бұйырды. Сондай-ақ «Қазақ романсы» бағытында 1-орынды Алижан Қазбеков (Павлодар), Саят Сақитжан (Астана), 2-орынды Ораз Мұхамедияр (Шымкент), 3-орынды Акобиржон Собиржонов (Наманған), Назым Дәулетқызы (Алматы), «Орыс романсы» бағытында бойынша 1-орынды Асқат Байышов (Бішкек), Алтынбек Арыстанбек (Астана), 2-орынды Ахрорбек Абдукаххоров (Ташкент), Жаннұр Бердібекова (Астана), Роман Чеснов (Бішкек) 3-орынды Симак Сатыбалдиев (Бішкек), Данияр Айткужинов (Алматы) иеленді.

«Романсиада аруы» номинациясымен Жанель Мұратбек (Шымкент), «Романсиада үміті» номинациясымен Нұрсәндібек Жақсылық (Қызылорда), Аружан Ишанбек (Қызылорда), Айжан Пернехан (Шымкент), Мағжан Өмірбеков (Алматы), «Әртістік шеберлігі мен жарқындығы» номинациясымен Ұлан Асеков (Бішкек), «Романтикаға адалдығы үшін» номинацисымен Жәнібек Болатов, (Астана), Бақыт Қыдырбаев (Нүкіс), Әзизбек Усмонов (Ташкент) марапатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: 12 жастағы Келестік оқушы smart сарқыраманың моделін құрастырды

Келес ауданында орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әділбек Думан келешекте ақылды үйлерге арналған smart сарқыраманың ...

Жыл басынан бері Түркістан қаласында 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Бұл жайында қалалық «Мансап орталығының» Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Уалихан Тінейбайұлы тікелей эфирде баяндады. Орталықтың инстаграм және facebook парақшаларында ...