Дархан Сатыбалды — Қадірлі ұстаздар қауымы! — Xnews — ақпарат агенттігі

Дархан Сатыбалды — Қадірлі ұстаздар қауымы!

Сіздерді Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер еліміздің баянды болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер.

Ұрпақ тәрбиелеу ісі – асқан төзім мен сабырды, білімділік пен парасаттылықты талап ететін қасиетті міндет. Ұрпақтың тағдыры, олардың ұлттық құндылықтар мен адами қасиеттерді бойына қатар қалыптасуы Сіздердің табанды еңбектеріңізге байланысты болмақ.

Алашшыл ақын Мағжан Жұмабаев: «Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті» дейді. Ұлттық құндылықтарға қанығып өскен өреннің танымы терең, болмысы берік болады. Осы орайда, білімді, озық ойлы ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктелуде. Сіздердің алдарыңызда отырған әрбір шәкірт – Қазақстанның жарқын болашағы.

Ал, сапалы білім – жетістікке жетудің, экономиканы дамытудың басты кілті.

Түркістан облысында ұрпақ тәрбиесімен 85 мыңнан астам ұстаз айналысуда. Өңір шәкірттерінің білім саласындағы жетістіктері мұғалімдердің қажырлы еңбегінің жемісі.

Ұлағатты ұстаздар!

Ұлы Абай: «Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, ең бастысы жақсы ұстаздан», – дейді.

Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, ел болашағының жарқын болуы біздің бүгінгі адал еңбегімізге байланысты. Баршаңызды бірлікте күш қосып, білімді ұрпақты тәрбиелеуге шақырамын.

Баршаңызға құт-береке, ұжымдарыңызға шаттық пен қуаныш және жаңа оқу жылында зор табыс тілеймін!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Дархан Сатыбалды,
Түркістан облысының әкімі.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...