Түркістан: Жетісай қаласының 55 жылдығы аталып өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Жетісай қаласының 55 жылдығы аталып өтті

Жетісай ауданының орталығында Жетісай қаласының 55 жылдығы аясында мерекелік іс-шара өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға арнайы аудан әкімі Серік Мамытов қатысып, аймақтағы үздік шаруаларды марапаттады. «Жеңіс» алаңында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өндірген өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ, алаңда ұлттық тағамдар дайындалып, аудан тұрғындарына ұсынылды. Қаланың 55 жылдығына орай, 55 метрлік кәуап пен 55 сантиметрлік самса дайындалып, шаһар тұрғындары мен қонақтарына таратылды.

Сонымен қатар, ауданда «JETISAI KITAPFest – 2024» кітап көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеде «QAZYNA», «ОТБАСЫ хрестоматиясы», «Olja Peak», «MARFU book», «MAZMUNDAMA», «Qasym kitaphanasy», «KitapAl», «Steppe&world», «Ziyat», «KAZAKH CONTENT» секілді Алматы қаласынан шақырылған 10 баспа 15 мыңнан астам түрлі жанрларда жазылған кітаптарды көпшілік назарына ұсынды. Бұдан бөлек, ұлттық спортты дәріптеу және бұқаралық спортқа деген жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, садақ ату, қошқар көтеру сынды спорт түрлерінен жарыс өтті.

Бұдан өзге, орталық саябақта жасөспірімдер арасында кіші футболдан ауданның ашық біріншілігі мен «Алыптар сайысы» өтті. Ауданда тұңғыш рет өткізілген байрақты бәсекеге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Азамат Мақұлбеков қонақ ретінде арнайы қатысты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...