Биыл Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесімен қамтылмақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Биыл Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесімен қамтылмақ

Түркістан облысына қарасты қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 100%-ға жеткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

2024 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы 528,1 мың халқы бар 7 қаланың 6 қаласы кәріз жүйелерімен қамтылған. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау, Арыс, Леңгір, Жетісай, Шардараның 202,6 мың тұрғыны орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

Биыл су бұру саласы бойынша 15 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен тиісті қаржы қаралған. Соның ішінде, осы жылы Түркістан қаласындағы 3 нысаның және Сарыағаш қаласындағы 1 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қалған 11 нысан келесі жылға өтпелі. Жыл соңына дейін Түркістан қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар Сарыағаш қаласында жаңадан кәріз тазалау имараты іске қосылады.

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы 228 003 тұрғынның 83 335 тұрғыны, яғни 36,5% кәріз жүйелерімен қамтылған. Кәріз жүйелерінің ұзындығы – 127,5 шақырым. Облыс орталығында 27 дана кәріздік сорғы станциясы және қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 болатын кәріз тазалау имараты (КОС) бар. Қызмет көрсетуші мекеме – «Түркістан су» МКК. Қолданыстағы кәріз тазалау имараты 2010-2014 жылдары салынып, пайдалануға тапсырылған. Бүгінгі таңда БОС-1, БОС-2 тазартқыш имараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...