Түркістан облысында Қажымұқан атындағы спорт кешені салынады

Түркістан облысы Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай қазақ даласы батырының атына мемориалдық кешен салынады.

Заманауи үлгіде бой көтеретін нысанның құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың қараша айында басталып, 2021 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында салынатын мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5 гектарды құрайды. Нысан кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ауыстыруға, жуынуға арналған және басқа да қажетті бөлмелермен қамтылатын болады. Ғимараттың аумағы жасыл-желекпен абаттандырылып, орындықтар мен жарықшамдар орнатылады. Сондай-ақ, жобада балаларға арналған ойын алаңшасы мен автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетейік, спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға лайықты етіп бой көтеретін кешен түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге де ыңғайлы болмақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Арнайы жасақ қызметкеріне 2 бөлмелі пәтер табысталды

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізген ...

Түркістан: Созақта сұрапыл соғыстың қарт майдангеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Созақ ауданына арнайы барып, сұрапыл соғыстың соңғы майдангері, ғасыр жасаған қария Мырзахмет Жылысбаевты Ұлы ...