Түркістан: Арыста кітапханашылардың кәсіби мерекесі тойланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Арыста кітапханашылардың кәсіби мерекесі тойланды

Арыс қалалық мәдениет үйінде кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай, салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік жиынға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қала тұрғындары мен оқырмандар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Қала басшысы өз сөзінде кітапханашылардың қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың мәдениет пен білімді дамытуға қосқан үлестеріне жоғары баға берді. Кітапханашылардың қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, олардың болашақ ұрпаққа білім мен руханияттың терең мәнін жеткізудегі қызметтерін ерекше атап өтті.

Шара барысында кіл үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Кітапханашыларға арнайы мерекелік төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі төсбелгісі», «ҚР құрметті кітапханашысы» және «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапатталды. Жиын соңында қала әкімінің алғыс хаттарымен бірқатар қызметкерлер мен белсенді оқырмандар марапатталды. Белсенді оқырмандардың түрлі мәдени және танымдық шаралар ұйымдастырудағы үлесі де назардан тыс қалмай, олардың еңбектері арнайы алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік жиында бар ғұмырын кітапхана ісіне арнаған еңбек ардагерлеріне қала әкімінің арнайы сый-сияпаты тарту етілді. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл күн кітапханашылар мен қала тұрғындары үшін ерекше бір рухани мерекеге айналды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...